25-26 тамызда 2016 жылы АРТА "Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығымен" бірлесіп "Құжаттамаларды дайындау және колледжді аккредиттеу" семинар – тренингін өткізді.

Семинардың лекторлары агенттіктің ғылыми кеңесшісі Сейдахметова Р. Г. және ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу бойынша жоба жетекшісі Р.Гасимов қозғаған тақырыптар:

• ТжКБ сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде кәсіптік және техникалық білім беру сапасын тәуелсіз бағалау;

• ТжКБ ұйымдарының институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу ерекшелігі;

• Аккредиттеу рәсімдеріндегі объективтілік және ашықтық принциптерін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ Бағдарлама аясында Тжкб ұйымдарын аккредиттеуге даярлау және сыртқы сараптау комиссиясы есептерін құру бойынша практика өткізілді. Семинар қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.