1 қыркүйек қарсаңында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Астана қаласы "SOS" Балалар ауылындағы жандарға қайырымдылық жасады.

Және бұл таңдау кездейсоқ емес. Агенттіктің қызметінің негізгі мақсаты - мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының сапалы білім беруін қамтамасыз ету болып табылады. Балалар ауылында мектепке дейінгі балалар, жасөспірімдер мен мектеп жасындағы балалар өмір сүретіндіктен мемлекеттің болашақ азаматтарына тәрбие мен білім беруде оның рөлі баға жетпес. Ол балаға әлеуметтендіру процесін, патриоттық сезімін, білімін қалыптастырады, оны ересек өмірге өтуге дайындайды. Міне сондықтан, Агенттік Балалар ауылына көмектесуді өзінің парызы санайды.

"Мектепке жол" акциясы арқасында Агенттік балаларға мектепке дайындалуға мүмкіндік ғана емес, сондай-ақ Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне нағыз қуаныш сыйлады. Әр бала және оқушы қажетті кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді.