Заң ғылымдарының кандидаты, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі директоры Жумагулова Алина Бакытжановнаның аккредиттеу және рейтингтің Тәуелсіз агенттігінің 5 жылдығына арналған "Білім беру сапасының маңызды индикаторы" атты мақаласы Республикалық "Казахстанская правда" газетінің 2016 жылы 15 қыркүйектегі № 176 (28302) санында жарияланды. Мақалада білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Болон үрдісінің параметрлерін енгізу және табысты жүзеге асыру контексінде Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртуға талдау жасалған. Директордың пікірінше, аккредиттеуді Қазақстанға енгізу – білім беру сапасын куәландыратын белгісі ретіндегі саналы процесс. Бұл серпін, қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру кеңістігінде белсенді көрінуіне стимул болды. Және әрбір адам үшін шынында өзін-өзі жетілдіруге шексіз мүмкіндіктер ашылады.

Бұл мақала "Казахстанская правда" газетінің келесі сілтеме бойынша: http://www.kazpravda.kz/fresh/view/94663 ресми сайтында қол жетімді.