23 қыркүйек 2016 ж. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі кеңсесінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Болон процесі орталығы және академиялық ұтқырлық өкілдерінің қатысуымен "Білімді бағалаудың бас мемлекеттік сараптамалық орталығы" ("Главэкспертцентр") Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі мәскеулік делегациясымен агенттік төрайымы кездесуі өтті. "Главэкспертцентр" Ресей Федерациясының білім беруді тануда ақпараттық қамтамасыз ету және (немесе) ENIC/NARIC желісінде шет мемлекетте алған біліктілік, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар бойынша ұлттық ақпараттық орталық болып табылады.

Делегацияны "Главэкспертцентра" директоры Скоробогатова Вера Игоревна және "Главэкспертцентра" шетелдік білім беруді бағалау және тану бөлімі бастығының орынбасары Сидорова Юлия Олеговна ұсынды.

Кездесу барысында Қазақстан және Ресейдегі білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі туралы, әр түрлі деңгейдегі білім беруді тану жүйесі туралы пікір алмасу болды.