"Білімді бағалаудың бас мемлекеттік сараптамалық орталығы" ("Главэкспертцентр") Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі делегациясымен кездесу аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің директоры Жумагулова Алина Бакытжановна және "Главэкспертцентр" директоры Скоробогатова Вера Игоревна ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - білім сапасын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті сарапшыларды дайындау, бірлескен білім беру жобаларын жасау, білім беру саласында тәжірибе алмасу саласында тиімді ынтымақтастықты орнату.