23-24 қыркүйек аралығында АРТА С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана) базасында профессор-оқытушылар құрамы ішіндегі сарапшылар үшін семинар-тренинг өткіді. Семинардың мақсаты - жоғары оқу орындарының сыртқы сапасын және білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша сарапшыларды дайындау. Дәріс беруші - пед.н., доцент, АРТА Сараптамалық кеңесі Төрағасы Скиба Марина Александровна. Баяндамашылар - ф.ғ.д., АРТА ғылыми кеңесші Сейдахметова Римма Ганиевна, пед.ғ.м., АРТА жоо-ларды аккредиттеу бойынша жоба жетекшісі Инара Мұхтарова Алкеновна.

Семинар аясында ESG өзгеруіне сәйкес сапаны қамтамасыз етуге енген жаңа талаптар мәселелері бойынша, сондай-ақ олардың жоғары оқу орындарына арналған АРТА аккредиттеу стандарттарына әсері сұрақтары талқыланды. Болашақ сарапшыларға АРТА біліктілік талаптар және олардың міндеттері түсіндіріледі.