30 қыркүйек 2016 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде Кәсіби-қоғамдық аккредиттеу ұлттық орталығы (Нацаккредцентр) Директоры т.ғ.д., профессор Наводнова Владимир Григорьевичпен ( Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.) кездесу өтті.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Директоры Жумагулова А.Б. және Кәсіби-қоғамдық аккредиттеу ұлттық орталығының Директоры Наводнов В.Г. болашақ ынтымақтастықтың келешегін талқылап, Қазақстан және Ресейдегі тәуелсіз аккредиттеу жүйесі туралы пікір алмасты.

Профессор Наводнов В.Г. алғашқылардың бірі болып құттықтап, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі 5-жылдық мерейтойымен құттықтап, АРТА 6-7 қазанда 2016 жылы өтетін халықаралық конференцияның табысты жұмысын тіледі. Ол бүгінгі таңдағы АРТА елдің кәсіптік білім беру дамуында, оның сапасының өсуінде, біліктілігінің арттыруында және жоо мен колледж бітірушілерінің құзыретін арттыруда лайықты рөлін атап өтті.