Мамандандырылған аккредиттеу аясында Аккредиттеу кеңесінің мүшелеріне Қазақстан-Ресей медициналық университетінің 19 білім беру бағдарламалары ұсынылды.

Отырыс барысында Сыртқы сараптау комиссиясы Төрағасының есебі тыңдалды, критерийлердің Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі стандарттарына сәйкестігі талқыланды және бұдан әрі сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар бекітілді. Аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты www.iaar.kz сайтында Аккредиттеу бөлімінде табуға болады.