6-7 қазанда, 2016 жылы Астана қаласында өкен "Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеудің жаһандық сын-тегеуріні мен болашағы" халықаралық конференция аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Академиялық Ақпарат Орталығымен (Рига қ., Латвия) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою білім сапасын қамтамасыз ету, сарапшылар алмасу, бәсекеге қабілетті білікті сарапшыларды тағайындау, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, білім берудегі тәжірибемен алмасу саласындағы тиімді ынтымақтастықты көздейді.