6-7 қазанда 2016 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) 5-жылдық мерейтойы аясында "Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеудің жаһандық сын-тегеуріні мен болашағы" тақырыбында Халықаралық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өкілдері, Жоғары білім беру сапасы кепілдігнің Еуропалық тізілімі (EQAR), Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастығы (ENQA), шетелдік аккредиттеу органдары6 – ACQUIN, FIBAA, AIC (Латвия), Росаккредагентство, АККОРК, халықаралық ұйымдар, қазақстандық жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер мен студенттер қатысты.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ конференц-залында пленарлық отырысы өтті. АРТА Директоры Жумагулова А.Б. әлемдік білім беру кеңістігінде білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін және жоо-ның белсенді жайғасуын дамытуда конференцияның маңызды екендігін атай отырып, партияның спикерлері мен қатысушылармен амандасып өтті.

Отырыс барысында тәуелсіз аккредиттеу жүйесінің өзекті мәселелері және сапа мәдениет саласындағы ең жақсы практиканы тарату жайлы айтылды.

Күннің екінші жартысында үш панельдік сессия жұмысы жүргізілді:

1. Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеу: заманауи шақырулар;

2. Кәсіби білім беру сапасын қамтамасыз етуді жаһандандыру және әртараптандыру;

3. Сыртқы сапаны бағалау бойынша кәсіби қауымдастықты қалыптастыру мәселелері.

Конференция аясында Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеуді дамыту, білім беру сапасын жақсартуда жоғары оқу орындарының жауапкершілігі мәселелері өткір талқыланған жоо ректорлары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктер қатысуымен Дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қорытындысында ұйымдастырушылар және халықаралық конференцияға қатысушылар қарар қабылдады, онда сапаны қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтады, атап айтқанда:

• Ұлттық тізілімге кіретін барлық аккредиттеу органдарының жұмыс тәжірибесін жүйелі түрде жинақтау керек деп санайды, және ESG 2015 сәйкес білім беру ұйымдарын бағалаудың сырттай жоғары сапасын қолдау.

• Қазақстандық жоо-ның бәсекеге қабілеттілігі мен білім сапасына; бітірушілердің жұмысқа орналасуын жақсартуға; оқушылар мен оқытушылардың академиялық мобильділігін ұлғайтуға; студентке орталықтандырылған білім беруді дамытуда; ұлттық және халықаралық дәрежеде қазақстандық жоғары оқу орындары білім беру көрсетілімдерін мойындауына тәуелсіз аккредиттеудің жақсы әсерін мойындады.

• Тәуелсіз аккредиттеуді жаңа қарым-қатынастардың көзі, бәсекелестік құралы, түрлі стейкхолдерлер үшін қажетті және тартушы деп санайды.

• Жоғары оқу орындарына тұрақты негізде ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде қызметті шынайы жақсарту құралы ретінде өзін-өзі бағалау бойынша есепті орындау және қолдануды жандандыру қажет деп санайды.

• Жоғары оқу орындарына ESG 2015 негізінде сапа мәдениетін дамыту бойынша жұмысты жандандыруды ұсынады.

• АРТА стандарттарында еуропалық білім беру кеңістігінде жоғары білім беру ұлттық жүйесінің интеграциясы контекстіндегі жаңа сын-қатерлерге жауап беретін ашықтық құрал-саймандары, тәуелсіздік, ақпараттандыру және қол жетімділік сияқты сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ESG 2015 ұсынымдары көрініс тапқандығын мойындайды.

• Ұлттық аккредиттеу органдарына ұсынады:

1. шетелдіктер, студенттер және жұмыс берушілерді қоса отырып, академиялық сарапшылар біліктілігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру;

2. жұртшылықты ақпараттандыру, сапа мәдениеті және үздік практика бойынша жұмысты таратуды жалғастыру;

3. сапаны қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерді жалғастыру;

4. сапаны қамтамасыз етудің Европалық тізілімі (EQAR) сайтына сілтемелерді орналастыру;

5. бірлескен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу әдіснамасын әзірлеуде еуропалық тәсілді пайдалану;

6. ESG және қолда бар әлемдік тәжірибе негізінде e-learning бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі стандарттарды әзірлеу.

• 1-санатты сарапшылар және ССК төрағаларына шет елдік тағылымдама ұйымдастыру және интернет технологияларын пайдалана отырып талдау және бағалау (психология, жанжалдарды басқару, командада жұмыс істеу, тиімді коммуникация, нәтижелі сұхбат жүргізу және т.б. сұрақтары) тәжірибелік дағдыларды дамыту жөніндегі тренингтер өткізу мәселелерін талқылау үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылар арасындағы диалог алаңын құруда маңыздылығын атап өтті.

7 қазанда АРТА сарапшыларының біліктілігін арттыру аясында семинар өткізілді, сондай-ақ шетел оқытушылар қатысуымен сарапшы-кандидаттары үшін семинар-тренингі өтті.