7 қазан 2016 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ.) Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі профессор-оқытушылар құрамы арасынан сарапшылыққа кандидаттар үшін семинар өткізді. Семинарда Қазақстанның әртүрлі өңірінен келген профессор-оқытушылар құрамы оқытудан өтті. Дәріскер – Погребицкая Марина Владимировна, пед.ғ.к., доцент, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Сарапшылар кеңесінің мүшесі.

Семинар барысында тыңдаушыларға білім беру бағдарламалары мен жоо қызметі сыртқы бағалауының принциптері мен ұйымдастырылуы, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі стандарттарының талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ семинарда бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу Қорының (FIBAA, Германия) Директоры Биргер Хэндрикс сөз сөйледі. Ол тыңдаушыларды FIBAA стандарттарына сәйкес мамандандырылған аккредиттеу ерекшеліктерімен таныстырды.

Семинарда болашақ сарапшыларға аккредиттеу барысындағы сыртқы сараптау комиссиясының есептерін құрудағы мақсатты топтармен сұхбат жүргізу бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ, бұдан бөлек біліктілікті арттыру шеңберінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сарапшыларына семинар-тренинг өткізілді. Дәріскер – Скиба Марина Александровна, пед.ғ.к., доцент, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі сараптамалық кеңесінің Төрағасы. Сараптама қызметінің сапасын жақсарту мақсатында шетелдік серіктестер Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі Еуропа ассоциациясы (ENQA) аға сарапшысы Раду-Мирчи Дамиан және Сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық тізілімінің (EQAR) жоба жетекшісі Мелинда Сзабо шақырылды. Шетелдік сарапшылар білім беру қызметінің сапасын сырттай бағалауды жүргізудің еуропалық тәжірибесімен бөлісті.

Семинар шеңберінде сыртқы сараптау комиссиясының ұсыныстарын дайындауға және жоо-ға сапардағы коммуникациялар ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.