2016 жылдың 11-12 қазан аралығында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі сарапшылар тобы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде постаккредитациялық мониторингтің 3-ші кезеңі шеңберінде жұмыс істейді.

Күннің алғашқы жартысында сарапшылар аккредиттелген білім беру бағдарламаларының өкілдері: компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті, жерге орналастыру және энергетикалық факультет декандары және кафедра меңгерушілерімен және т. б. кездесті. Жоғары оқу орны мамандандырылған аккредиттеу нәтижелері бойынша қалыптастырылған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы ұсынымдарын іске асырылуын растайтын құжаттар ұсынылды. Сарапшылар тобы жұмысы жалғасуда.