2016 жылдың 18 қазан мен 20 қазан аралығында мамандандырылған аккредиттеу аясында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ АРТА Сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс жасайды.

Сарапшылар білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауды пед.ғ.к., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті доценті Тоибаев Адлет Жунисович төрағалығымен жүргізеді. Комиссия құрамында ұлттық және шетелдік сарапшылар Пермь мемлекеттік педагогикалық университеті (Пермь қ., РФ), Е.Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Астана Медицина университетінің және т.б. өкілдері, жұмыс берушілер мен студенттер болды.