2016 жылы 21 қазан күні Талғар политехникалық колледжі базасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі техникалық және кәсіптік білім берудің басшы және инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинарға 15 колледж өкілдері қатысты.

Семинар лекторлары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша жоба жетекшісі Гасимов Р.Г. және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша бас маман Бекенова Д.К. қозғаған тақырыптары:

• Техникалық және кәсіптік білім беру сапасын тәуелсіз бағалау - техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде;

• Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу ерекшелігі;

• Аккредиттеу рәсімдеріндегі объективтілік және ашықтық принциптерін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ семинар бағдарламасы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеуге даярлау; Сыртқы сараптау комиссиясының есебін дайындау бойынша семинар-практикум өткізілді.

Семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.