2016 жылы 20-21 қазанда Глостер қаласында (Ұлыбритания) жоғары білім берудің Еуропа кеңістігіндегі 39 мемлекеттен аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету бойынша 69 ұйымды біріктірген жоғары білім берудегі сапа кепілдігінің Еуропалық қауымдастығы (ENQA) жетінші Бас Ассамблеясы өтті. Ассамблеяда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Директоры Жумагулова А.Б. және халықаралық жобалар және қоғаммен байланыс Жетекшісі Канапьянов Т. Е. қатысты.

Бас Ассамблеяда Азия-Тынық мұхит аймағындағы сапаны қамтамасыз етуді дамыту мәселелері, студенттік деректер мен жоғары білімді цифрлаудың сандық портативтілігі (сапаны қамтамасыз етудің сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері) бойынша сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ, бағдарламаға сәйкес, ESG 2015 жаңа стандарттарына сай ENQA аудитінің алғашқы тәжірибесі талқыланған панельдік сессия болды. Күннің екінші жартысында АРТА "Жоғары медициналық оқу орындарын аккредиттеудегі ESG және ДМБФ стандарттары" тақырыбында өзінің постерін таныстырған ENQA мүшелерінің жақсы тәжірибесі бойынша постерлік сессиясы болды.

Екінші күннің бағдарламасы келесідей ағымдағы сұрақтарды талқылауды қамтыды: атқарылған жұмыс туралы есеп, келесі жыл қызметін жоспарлау, ENQA Директорлар Кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау, ұйым дамуының перспективаларын талқылау, 2017 жылы ENQA Бас Ассамблеясы мен Форумын өткізу және басқа да ұйымдастырушылық мәселелері.

VII Бас Ассамблеясы туралы егжей-тегжейлі ақпарат ENQA сайтында.