2016 жылы 20 қазан күні Глостер (Ұлыбритания) қаласында Жоғары білім сапа кепілдігінің Еуропалық қауымдастығы (ENQA) жетінші Бас Ассамблеясы бағдарламасы аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Директоры Жумагулова А.Б. және халықаралық жобалар және қоғаммен байланыс жоба Жетекшісі Канапьянов Т.Е. постерлік сессияда "Жоғары медициналық оқу орындарын аккредиттеудің ESG және ДМБФ стандарттары" тақырыбында сөз сөйледі. АРТА ұсынған постер ESG және ДМБФ халықаралық стандарттары мен ұлттық стандарттарды үндестіру мәселелерін талқылаудың халықаралық алаңын құрды және қатысушылардың қызу талқылауын туғызды.

Постер мазмұнымен жан-жақты ENQA сайтында танысуға болады.