2016 жылы 21 қазанда ENQA VII Бас Ассамблеясы (Глостер қ., Ұлыбритания) аясында Аккредиттеу және рейтигтің тәуелсіз агенттігі директоры Жумагулова Алина Бакытжановна және Жоғары білім беру мен сапа кепілдігін дамыту бойынша агенттік (HEA, Босния және Герцеговина) директоры Энвер Халилович (Enver Halilovic) әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - білім сапасын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті сарапшыларды дайындау, білім саласында тәжірибе алмасу, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру саласында тиімді ынтымақтастықты орнату.