2016 жылы 1 желтоқсанда Назарбаев университеті білім берудің Жоғары мектебі магистранттары үшін Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ғылыми кеңесшісі Сейдахметова Р. Г. лекциясы өтті. "Білім сапасын тәуелсіз бағалау: Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің тәжірибесі" такырыбындағы дәрісте сапаны қамтамасыз ету, соның ішінде ESG-2015 контекстіндегі Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің білім сапасын сырттай бағалау рәсімдері мәселелері қарастырылды.