7-9 қараша аралығында "Сырдария" Университеті қабырғасында (Жетісай қ.) Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сараптау комиссиясы мамандандырылған аккредиттеу бойынша жұмыс істейді. Сараптамалық топтың құрамына Қазақстанның ұлттық жоғары оқу орындары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМҚПУ, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ), шетелдік Қызыл-Кий гуманитарлық-педагогикалық институтының сарапшысы (Қырғыз Республикасы),кәсіби қоғамдастық өкілдері және студенттер өкілдері кірді.