2014 жылы АРТА Сыртқы сараптау комиссиясы С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарға сәйкес сапаны бағалауды өткізді. Аккредиттеу кеңесінің шешімі бойынша, агенттік 5 білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелді .

Келесі рәсімдер шеңберінде 14 қараша 2016 жылы постаккредитациялық мониторинг бойынша сараптамалық топ жоо-да жұмыс істеді. Сапар барысында ССК ұсыныстары бойынша іс-шаралар Жоспары шеңберінде кафедра меңгерушілерімен кездесулер өтті, сарапшылар ғылыми және өндірістік зертханаларды көрді. Білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту бойынша жоо жұмысы жалғасуда.