21-23 қарашада 2016 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) Сыртқы сараптау комиссиясы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында (АрқМПИ) сапарын жүргізді. Комиссия жұмысы шеңберінде институционалдық аккредиттеу жүзеге асырылады. АРТА сарапшылары АрқМПИ қызметінің сапасын бағалауын Еуропалық кеңістіктегі жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету Стандарттары мен ұсынымдарға (ESG 2015) сәйкес 2015 жылы үйлестірілген, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу жаңа Стандарттары бойынша жүргізеді. Сараптамалық топтың құрамына Қазақстанның кірді алдыңғы қатарлы педагогикалық жоғары оқу орындары (Абай атындағы ҚазҰПУ, Женпи) өкілдері, Украинаның шетелдік сарапшысы (Ұлттық авиация университеті) жұмыс берушілер мен студенттер кірді.