24 қарашада 2016 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдері мен Норвегия білім беру сапасын қамтамасыз ету Агенттігінің шетелдік білім беру Департаментінің ғылыми кеңесшісі Ольга Абаскаловамен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Норвегия білім беру ұйымдарының жүйесі бойынша ақпарат алмасуы болды, сондай-ақ жоғарыда аталған елдердегі түлектердің біліктілігін мойындау сұрақтары талқыланды.