25 қараша 2016 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) Директоры және Халықаралық жобалар және қоғаммен байланыс жетекшісі ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығымен бірлесе отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаменті ұйымдастырған "Қазақстан Болон процесінде: жетістіктері мен келешегі" атты халықаралық конференция жұмысына белсенді қатысты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде АРТА Директоры Жумагулова А.Б. "Тәуелсіз аккредиттеу Болон процесінің негізгі параметрлерін жүзеге асырудың құралы ретінде" баяндамасымен шықты.
Конференция аясында қатысушылар Қазақстанның Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіне (ЖБЕК) 6 жылдағы қатысуға қол жеткізген нәтижелерін талқылады.
Академиялық ұтқырлықты дамыту, кредиттік технологияны оқытуды пайдалану, еуропалық стандарттар базасында жоғары білім беруді бағалау, әлеуметтік өлшемдерді кеңейту, жоғары білім сапасын арттыру процесіндегі жұмыс берушілер және студенттердің рөлі сұрақтары талқыланды.