24 мен 26 қараша 2016 ж. Алматы Менеджмент Университетінде АРТА сыртқы сараптау комиссиясының мамандандырылған аккредиттеу аясында сапары өтті. Комиссия құрамына қазақстан академиялық қоғамдастық өкілдері (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. Букетов атындағы ҚарМУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ), шетел сарапшылары (Латвия, Рига), кәсіби қоғамдастық және студенттер өкілдері кірді.
Академиялық ұтқырлықты дамыту, кредиттік технологияны оқытуды пайдалану, еуропалық стандарттар базасында жоғары білім беруді бағалау, әлеуметтік өлшемдерді кеңейту, жоғары білім сапасын арттыру процесіндегі жұмыс берушілер және студенттердің рөлі сұрақтары талқыланды.