АРТА Сыртқы сараптау тобы 28-30 қараша күндері Т.Жүргенов тындағы ҚазҰӨА білім беру бағдарламаларын бағалауды жұмысын жүргізді. Сараптамалық топтың құрамына қазақстан академиялық жұртшылығы өкілдері (Қазақ ұлттық өнер университеті, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Абай атындағы ҚазҰПУ. Әуезов атындағы ОҚМУ ),шетелдік Әзірбайжан (Мәдениет және өнер мемлекеттік университеті) және Қырғызстан Мемлекетінің сарапшылар (ҚР Ұлттық көркемөнер академиясы) өкілдері, сондай-ақ кәсіби қоғамдастық және студенттер кірді.