2016 жылдың 28-30 қараша аралығында Қ. Жұбанов атындағы атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде АРТА Сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) экономикалық және техникалық білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуі өтті. Комиссия Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті э.ғ.д., профессор Саханова А.Н. төрағалығымен жұмыс істеді. ССК құрамына ұлттық және шетелдік сарапшылар (Мәскеу қ., Ресей), сондай-ақ жұмыс берушілер өкілдері мен студенттер кірді.