2 желтоқсан, 2016 жылы Агенттіктің конференц-залында Аккредиттеу Кеңесінің институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде Сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) материалдарын қарау жөніндегі кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ССК Төрағалары жоғары оқу орындарының қызметін бағалау нәтижелерінің АРТА стандарттарына сәйкестілігін егжей-тегжейлі таныстырды, күшті және әлсіз жақтар параметрлері талқыланды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды. Аккредиттелген білім беру бағдарламалар және білім беру ұйымдары бойынша ақпаратты Аккредиттеу бөлімінен табуға болады.