23-24 желтоқсан, 2016 жылы Агенттіктің конференц-залында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде материалдарын қарау және шешімдер қабылдау бойынша Аккредиттеу Кеңесінің отырысы болып өтті.

Жұмыс барысында ССК Төрағалары мынадай білім беру ұйымдарын АРТА стандарттарына сәйкестігінің қызметін бағалау нәтижелері бойынша есептерімен таныстырды:

- Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;

- Алматы Менеджмент Университеті;

- М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті және т. б.

Отырыстарының нәтижелері бойынша Агенттік аккредиттелген жоғары оқу орындары мен колледждердің одан әрі жетілдіру қызметі бойынша түпкілікті ұсынымдарды ұсынады, сондай-ақ ҚР білім және ғылым Министрлігінің 2 және 3 Тізіліміне қосу үшін ақпараттарды жіберді. Аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратты Аккредиттеу бөлімінен табуға болады.