19 қаңтарда 2017 жылы Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) Жоғары білімдегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастығымен (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA) бірлесіп Алматы қаласы Нархоз университеті базасында АРТА сарапшыларын ғылыми-кәсіби дамыту атты халықаралық семинары өтті.

Семинар жұмысына ENQA Директоры Maria Kelo, Нархоз Университетінің Ректоры Рыбиньски К., Нархоз Университет ректорының Кеңесшісі, АРТА Сараптамалық кеңестің Төрағасы Скиба М.А., сондай-ақ АРТА Сыртқы сараптау комиссиясы төрағалары мен I санаттағы сарапшылары қатысты .

АРТА Директоры Жумагулова А.Б. семинар спикерлері мен қатысушыларын қарсы алып, ENQA басшылығына және Maria Kelo жеке алғысын білдіре отырып, осы іс-шараның маңыздылығын атай келе, ұлттық деңгейде ENQA саясатын жылжытуға дайындығын атап өтті. Өз кезегінде, Maria Kelo салтанатты шарада АРТА-ның ENQA толық мүшелігі туралы куәлігін табыстады.

Maria Kelo өзінің презентациясында келесідей сұрақтар талқылады: "Сапасын қамтамасыз ету Еуропалық құрылымы – ENQA жұмысы мен ESG қағидаттары мен талаптары негізгі", "Сыртқы сапаны қамтамасыз ету бойынша жақсы есеп қандай болуы керек? – EQARep жоба нәтижелері", "ESG 2015 – шешуші стандарттары 1-бөлігінің бағдарлаушысы".

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.