24 ақпан күні "Қазмедиа Орталығының" мәжіліс залында Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың және ведомстволық бағынышты ұйымдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, колледждер мен мектептердің қатысуымен ҚР білім және ғылым Министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.Алқа жұмысына АРТА Директоры Жумагулова А.Б., ғылыми кеңесші Сейдахметова Р. Г. сөз сөйледі. Министр Сагадиев Е.К. 2016 және 2017 жылдағы ҚР БҒМ қызметтің негізгі нәтижелерін ұсына отырып, алқа отырысын бастады. Отырыс барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Амрин А., мектепке дейінгі және орта білім беру Департаментінің директоры, Ұлттық тестілеу орталығы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаменті директоры және басқалары өз есептерін ұсынды.