АРТА ұлттық және халықаралық деңгейдегі сапасын қамтамасыз етудің танылған агенттігі ұстанымына ие және ұлттық білім беру жүйесін зерттеу, мониторингтеу және жетілдіру бойынша іс-шараларға белсенді қатысады. 15 наурыз 2017 жылы Гумилев атындағы ЕҰУ ҚР БҒМ "Ақпараттық-талдау орталығы" қолдауымен ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасы шеңберінде жоғары білімге шолу таныстырылды. Осы іс-шараға агенттік атынан ғылыми кеңесші Сейдахметова Р. Г. қатысты. Таныстыру барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшылары ҚР жоғары білім беру жүйесінің тәуелсіз халықаралық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Есепте сапа, қол жетімділік, интернационалдандыру, зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыру және басқару сияқты соңғы онжылдықта қол жеткізілген негізгі бағыттар, сондай-ақ анықталған проблемалар және олардың шешімі бойынша ұсыныстар жөніндегі, жоғары білім беру жүйесіндегі прогресске шолу жасалды. Іс-шараға қатысушылардың арасында негізгі өкілдер "Атамекен" ҰКП, ҚР жоғары оқу орындары Қауымдастығы, "НЗМ", ведомствоға бағынысты ұйымдар, ҚР БҒМ және басқалары.