2017 жылы 28-30 наурыз аралығында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (бұдан әрі - АРТА) Сыртқы сараптау комиссиясы "Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде" МКҚК сапары болды. Комиссия жұмысы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде жүзеге асырылды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сарапшылары "Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде" институционалдық аккредитация және МКҚК 1304000 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)", 1305000 "Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)", 1306000 "Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)" білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеу стандарттарымен қызметі сапасын бағалауды өткізді.

Сараптамалық топтың құрамына Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының ТжКБ ұйымдарының жетекші өкілдері , сондай-ақ Ресей Федерациясының шетелдік сарапшылары, жұмыс берушілер мен студенттер кірді.