Комиссия құрамына отандық және шетел сарапшылары кірді, ССК төрағасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қаласы) д. ф-м. ғ. д., профессоры Косов Владимир Николаевич. Оның ішінде шетелдік сарапшылар И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (РММ) т. ғ. к., доцент, АККОРК (РЕСЕЙ) сарапшысы Ольга Анатольевна Стоколос және Еуропалық политехникалық университеті (Перник қ., Болгария), ассоциацияланған профессор, Рh.D. (с.t.sc.) оn Сybernetics, ACQUIN (Germany) сарапшысы Огнян Борисов Манолов (Одпуап Вогіѕоѵ Маnоlоѵ) кірді.

ССК сапар мақсаты АРТА мамандандырылған аккредиттеу стандарттарға және критерийлерге сәйкес білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау және Аккредиттеу Кеңесінде ұсынылған білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы мәселені қарау үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Сапаны білім алушылар мен оқытушылармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі. Мақсатты топтармен жұмыспен қатар, жоо білім алушылар және оқытушыларымен, түлектер және жұмыс берушілермен пікір алмасты. ССК мүшелері оқу бағдарламалары бойынша сабаққа қатысты, университетпен танысу бойынша экскурсиялық шолу жасады, практика базаларымен танысты.