ССК сапар мақсаты АРТА мамандандырылған аккредиттеу стандарттарға және критерийлерге сәйкес білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау және Аккредиттеу Кеңесінде ұсынылған білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы мәселені қарау үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

ССК Төрағасы - Бижкенова Айгүл Ермекқызы, фил.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қаласы). Комиссия құрамына отандық және шетелдік сарапшылар, оның ішінде шетелдік сарапшылар Майкл Генри (Эрик) Мартиженс Нидерланды білім беру жөніндегі Инспекторат жоғары білімі Директоры, ENQA, INQAAHE, APQN сарапшысы (Утрехт қ., Нидерланды), Гончаров Сергей Александрович, филология ғылымы докторы, профессор, «А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті.» ФГБОУ ВО, Росаккредагентства сарапшысы (РФ) кірді.

Сапаны сырттай бағалау білім алушылар мен оқытушылармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу арқылы жүргізілді. Мақсатты топтармен жұмыспен қатар, жоо білім алушылар және оқытушыларымен, түлектер және жұмыс берушілермен пікір алмасты. ССК мүшелері оқу бағдарламалары бойынша сабаққа қатысты, университетпен танысу бойынша экскурсиялық шолу жасады, практика базаларымен танысты.