2017 жылы 3-5 мамыр аралығында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан медицина колледжінде сапарын жүргізді. Комиссия жұмысы шеңберінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жүзеге асырылды.

Сараптамалық топтың құрамына жетекші медициналық білім беру ұйымдарының өкілдері («Қостанай медициналық колледжі» МКҚК, «Стоматология» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС, №1 қалалық емхана ШЖҚ КМК, және т. б.), Ресей Федерациясының шетел сарапшысы (Омбы медициналық академиясының Медицина колледжі) өкілдері, жұмыс берушілер мен студенттер кірді.