Комиссия құрамына отандық және шетел сарапшылары кірді, ССК төрағасы НАРХОЗ Университеті (Алматы қаласы) профессоры, э.ғ.д Арыстанбаева Сауле Сабырқызы болды. Шетелдік сарапшы ретінде ФГБОУ ВО Ростов мемлекеттік экономикалық университеті «РГЭУ (РИНХ)», э.ғ.к., «Кәсіби білім беру саласындағы сарапшылар гильдиясының» сарапшысы Ванюшкина Вера Владимировна болды.

Сапасын сырттай бағалау білім алушылар мен оқытушылармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу арқылы жүргізілді. Мақсатты топтармен жұмысен қатар, білім алушылар мен оқытушылар, түлектер мен жұмыс берушілермен әңгіме алмасты. ССК мүшелері білім беру бағдарламалары бойынша оқыту сабақтарына қатысып, университет бойынша экскурсиялық шолу жасады, практика базалары және кафедра базаларымен танысты.