2017 жылы 31 мамыр мен 2 маусым аралығында АРТА сыртқы сараптау комиссия тобы Инновациялық Еуразия университетінде 11 білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша мамандандырылған аккредиттеу аясында жұмыс істейді. Сараптама комиссиясының құрамына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, "Тұран" Университеті сияқты ҚР жетекші жоғары оқу орындарының 15 сарапшылары кірді. ССК Төрағасы болып Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті тех.ғ.д., профессор Пак Юрий Николаевич табылады. Шетелдік сарапшы ретінде Балтық елі Texnopolis Group консультанты, (Международная компания), Вильнюс университетінің доценті, Театр және музыка Академиясының профессоры, FIBAA (Вильнюс қ., Литва) сарапшысы Ерика Ваигиниене (Prof. Erika Vaiginiene) болды. Сондай-ақ, комиссия жұмысына жұмыс беруші Павлодар облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Ілиясова Бахытжан Ильясовна қатысады.