1 маусым қуанышты және жарқын мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мерекені өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды.
Міне, бүгін де сол бір тамаша күнде АРТА SOS балалар ауылындағы өзінің кішкентай достарын құттықтауға асығады. Агенттік басшылығы балаларға зор денсаулық, табыс, жақсы көңіл-күй тілеп және агенттік ұжымы атынан сыйлықтар тапсыруға кездесті. АРТА әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып балалар үйінің тәрбиеленушілері және балалармен әрқашан тығыз байланыста. Агенттік директоры атап өткендей, қоғам әр күні бала құқығын қорғау қажеттігі туралы есте сақтаә отырып, барлық балалар бақытты өсіп, оқып, өз ісімен айналысуы үшін оларға жылу мен жақсы көңіл-күйді тұрақты сыйлауы тиіс, өйткені олар - біздің болашағымыз, өз елінің азаматтары!