2017 жылдың 24 маусымында Л.Н.Гумилев атындағыы ЕҰУ базасында Еуропа Одағы және Орта Азия университеттері ректорларының форумы өтті.

Іс-шара барысында ҚР ЖОО Қауымдастығының президенті Р.Алшанова, Бухарест қаласындағы Политехникалық университет ректоры Михнея Костою, Эразмус+ ұлттық кеңсесінің Қазақстандағы координаторы Ш. Тасбулатова, М.Қозыбаеы атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры С. Омирбаев және т.б. сөз сөйледі. Жергілікті контексттегі жоғары білімнің дамуының түрлі аспектілері, ЕО-ның ҚР жоғары білім интернационализациялау стратегиясын іске асырудағы рөлі, жоғары білімді халықаралық перспективада қаржыландыру айтылды.

Форум жұмысына НААР директоры Жумагулова А.Б. және ғылыми кеңесші Сейдахметова Р.Г. қатысты.

Форум бағдарламасына сәйкес, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Сыдыков қазақстандық ЖОО өкілдеріне Азия университеттері Қауымдастығының толыққанды мүшелігіне қабылдау туралы сертификатты салтанатты түрде табыстады.