Білімі:

  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (1994-1998 жж.)
  • Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті "Құқықтану" мамандығы бойынша
  • Қазақстан тарихы бойынша Хоккайдо университетіндегі Ординатура (Жапония, Саппоро, 2008ж.)
  • Германия, Ұлыбритания, Болгария, Түркия, Куба, Әзірбайжан және Қазақстанның университеттері мен ғылыми орталықтарында біліктілікті арттыру (2000-2014 жж.)

 

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы – Елбасы» ММ директорының орынбасары (16 сәуір, 2018 ж. – қазіргі уақытқа дейін)
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаментінің басқарма бастығы, Білім және ғылым Министрінің Кеңесшісі, мектепке дейінгі және орта білім Департаменті директорының орынбасары, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары және директоры (2010-2018 жж.)
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің сарапшысы, ақпарат басқармасының бастығы (2009-2010 жж.)
  • Отандық тарих және тарихи пәндер кафедрасының доценті, ғылыми хатшы, тарих факультеті деканының м. а., Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының басқарма және ғылым бастығы (2004-2009 жж.)
  • Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультеті деканының орынбасары (1998 – 2004 жж.)

 

Қоғамдық қызметі:

  • "Нұр Отан" партиясының мүшесі (11.05.2011 ж. бастап)
  • Ақтөбе қаласы бойынша № 63 сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары (2005 ж., 2007 ж., 2009 ж.)

 

Жетістіктері мен жарияланымдары:

  • Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
  • «Дарынды жас маман» мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегері  (2004-2006 гг.), «ЖОО үздік оқытушысы – 2007» республикалық гранты
  • 40 астам жұмыстың авторы, 2 тарих магистрін дайындады.

 

Марапаттары:

  • ҚР еңбек сіңірген білім қайраткері (2013ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі, ҚР БҒМ «Құрмет» грамотасы (2013ж.)
  • Еліміздің жоғары білімін дамытуға қосқан үлесі және жоғары білікті мамандарды дайындауда жемісті еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы медалі (2012ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», мерейтойлық медальдары (2011ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»