Білімі:
- Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Математика және информатика» мамандығы (1995 ж.)
- Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және кәсіпкерлікті басқару мамандығы (2003 ж.);
- 13.00.08 «Кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті аспирантурасы (сырттай), педагогика ғылымдарының кандидаты
Кәсіби қызмет тәжірибесі:
- Стратегия, сапа және интернационализация департаментінің директоры, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті. (2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін)
- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ассистенті, оқытушысы, информатика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, әдістемелік бөлім меңгерушісі, сапа менеджменті бөлімінің бастығы. (1996-2016).
- Петропавл қаласының Жоғары техникалық колледжінің информатика және басқару кафедрасының ассистенті (1995)
Жетістіктері мен жарияланымдары:
- Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, дарынды жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиаты, «Русский Регистр» халықаралық сертификаттау қауымдастығының «Үздік сапа менеджері» сыйлығының лауреаты,
- Орталық Азиядағы менеджментін дамытудың Бизнес және экономикалық білім сапасы бойынша сарапшы-аудитор CAMAN (2004-2006 жж.)
- Педагогика кафедрасының доценті, ҚР БҒМ гранты бойынша «Кәсіптік жоғары білімнің сапасын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау және дамыту» жобасы, BISTRO-TACIS жобасы «Орталық Азия аймағында халықаралық стандарттарға сәйкес сапа бағалау жүйесін құру және дамыту» жобасының бірлескен орындаушысы
- Кеден одағының техникалық регламенттерінің жобаларын әзірлеу және бейімдеу бойынша Өңірлік штабтың аймақтық сараптау тобының мүшесі
- 55 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 2 оқу-әдістемелік құралы, 1 оқулық және 1 монография