Білімі:
- С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті "жылуфизика және молекулалық физика" мамандығы бойынша (1984)
- Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті , аспирантура (1986 -1989)
- Физика-математика ғылымдарының докторы (1998)
Кәсіби қызмет тәжірибесі:
- Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.(2008 – 2018 жж.)
- Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. (2005-2008)
- Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. (2000-2005)
- Абай атындағы АМУ теориялық физика және сандық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы, оқытушысы және меңгерушісі (1991 - 1999)
- С. М. Киров атындағы ҚазМУ механика және қолданбалы математика факультетінің оқытушысы. , математикалық модельдеу ғылыми-зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері (1989-1990 )
Жетістіктері мен жарияланымдары:
- Профессор, Қазақстан Жоғарғы Мектебінің Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Жоғары Мектебі Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі
- Физика-математика ғылымдары саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2002, 2006 жж.)
- "Физика" мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі
- Көп компонентті газ қоспаларының изотермиялық диффузиясы кезінде механикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығы мәселелері бойынша жаңа ғылыми бағыттың авторы, өзінің ғылыми мектебін құрды және 1 доктор мен 7 ғылым кандидатын дайындады.
- 2 монография және 170-тен астам ғылыми еңбектері жарық көрді
Марапаттар:
- Кембридж Халықаралық биографиялық орталығының жылуфизика саласындағы ғылыми жетістіктері үшін медалі (Ұлыбритания, 2007)
- ҚР БҒМ Ғылым қорының, ресейлік іргелі зерттеулер қорының грамоталары