Білімі:

  • Тарту университетінің физика институты, Эстония
  • физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бірінші проректоры (2017 - қазіргі уақытқа дейін)
  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Материалдардың радиациялық физикасы» Ғылыми орталығының директоры (2014-2017), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бірінші проректоры (2013-2014)
  • Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры (2004-2006), ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор (2002-2004)
  • Физика-математика факультетінің деканы, қатты дене физикасы және спектроскопия кафедрасының меңгерушісі, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, профессор (1984 - 2002)

Жетістіктері мен жарияланымдары:

  • ҚР Білім Академиясының корреспондент-мүшесі. Ы.Алтынсарин, Қ.Сәтпаев атындағы сыйлықтың лауреаты, «ЖОО үздік оқытушысы» стипендиясының иегері,
  • Қатты дене физикасы және материалтану саласында Қазақстанның батыс өңіріндегі эксперименталды физиктердің ғылыми мектебінің негізін қалаушы, студенттердің кредиттік жүйеде білімін бағалау технологиясын жасаушы
  • Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 3 ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі
  • Физика-математика ғылымдарының 8 кандидаты, 1 PhD докторы, 270-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы, 2 монография, 2 оқулық және 2 ҚР патенті дайындалды

Марапаттары:

  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісі
  • «Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері» төс белгісі