Білімі:

  • С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті "жылуфизика және молекулалық физика" мамандығы бойынша (1984)
  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті , аспирантура (1986 -1989)
  • Физика-математика ғылымдарының докторы (1998)

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.(2008 – 2018 жж.)
  • Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. (2005-2008)
  • Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. (2000-2005)
  • Абай атындағы АМУ теориялық физика және сандық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы, оқытушысы және меңгерушісі (1991 - 1999)
  • С. М. Киров атындағы ҚазМУ механика және қолданбалы математика факультетінің оқытушысы. , математикалық модельдеу ғылыми-зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері (1989-1990 )

Жетістіктері мен жарияланымдары:

  • Профессор, Қазақстан Жоғарғы Мектебінің Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Жоғары Мектебі Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі
  • Физика-математика ғылымдары саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2002, 2006 жж.)
  • "Физика" мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі
  • Көп компонентті газ қоспаларының изотермиялық диффузиясы кезінде механикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығы мәселелері бойынша жаңа ғылыми бағыттың авторы, өзінің ғылыми мектебін құрды және 1 доктор мен 7 ғылым кандидатын дайындады.
  • 2 монография және 170-тен астам ғылыми еңбектері жарық көрді

Марапаттар:

  • Кембридж Халықаралық биографиялық орталығының жылуфизика саласындағы ғылыми жетістіктері үшін медалі (Ұлыбритания, 2007)
  • ҚР БҒМ Ғылым қорының, ресейлік іргелі зерттеулер қорының грамоталары