2018 жыл 31 қаңтарда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдері Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму бойынша Комитетінің «Жоғары білім жүйесі дамуының перспективалары туралы» тақырыбындағы Назарбаев Университеті базасында өткен Дөңгелек үстелі жұмысына қатысты. ҚР «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылықдербестігін кеңейту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңдарын толықтыру және өзгеріс енгізу туралы» Заң жобасы бойынша ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары Нурмагамбетова Д.Н., Бектурганов А.Е.,Аманжолова З.Д., сонымен қатар Астана, Алматы қалаларның және республика аймақтарының алдыңғы қатарды жоғары оқу орындарының ректорлары сөз сөйледі. Дөңгелек үстелде кадрларды дайындау сапасы, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, қаржыландыру жүйесін жетілдіру, жоғары білімде кешендік трансформация үрдісін басқару мәселелері талқыланды.