2018 жылы 19-20 сәуірде Сарагоса қаласында (Испания) Аргон жоғары білім сапасын қамтамасыз ету және стратегиялық көрініс агенттігі базасында (ACPUA) Еуропалық жоғары білім сапасы кепілі қауымдастығы (ENQA) мүшелерінің кезекті Форумы өтті. Форум жұмысына 100 аса ENQA-мүшесі мекемелері өкілдер, соның ішінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі қатысты (АРТА).

Форумда алғысөзбен Арагония инновация, зерттеу және жоғары білім министрі Пилар Алегрия (Pilar Alegria) және ENQA президенті Christoph Grolimund сөз сөйледі.

Онымен қоса форумда келессі сұрақтар қарастырылды:

• Сапаны қамтамасыз етудегі әлеуметтік өлшемдер

• ЮНЕСКО жоғары білім квалификациясын мойындау туралы жаһандық конвенциясы

• ESG инновациялық саясат пен тәжірибені қолдай ала ма? - EQUIP жобасы нәтижелері

• Сапаны қамтамасыз ету бойынша сыртқы есептер мәліметтер базасы (DEQAR)

•Академиялық мойындау және сапаны қамтамасыз ету байланысы (LIREQA)

• Африкадағы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мен аккредиттеу бойынша бастамалар үйлесімі (HAQAA

Форум аясында ENQA Бас Ассамблеясы өтті. Бас Ассамблеяда агенттіктердің толық және аффилиирленген мүшелігі қарастырылды.

ENQA Мүшелері Форумы 2018 қатысушылары еуропалық және халықаралық кеңістіктегі сапаны қамтамасыз ету саласына қатысты қатысты сұрақтарды талқылады, тәжірибе алмасты және болашақтағы даму перспективаларын белгіледі.

Форум туралы толығырақ ақпаратты ENQA ресми сайтынан алуға болады..