2018 жылдың 25 қазанында Эразмус+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесі мен ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының ЖОО ректорлары мен Қазақстандағы Еуропалық Одақ Кеңсесі бірлесіп ұйымдастыруымен өткен Эразмус + бағдарламасы Ақпарат күні Жобалық нәтижелер көрмесінде АРТА стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Гульнар Ысқақова «Жоғары білім берудің әлеуетін арттыру» секілді жобалар нәтижелерімен таныс болды.

Көрменің және ақпараттық күннің мақсаты – Эразмус+ жобаларының нәтижелерімен мультипликативтік әсерін арттыру, қатысушыларды осы бағдарламаның бесінші байқауының талаптары мен жаңалықтары туралы, ұлттық және аймақтық басымдықтарымен таныстыру және мүдделі тұлғаларға практикалық кеңес беру үшін кең ауқымды мүдделі тараптарды таныстыру үшін жағдай жасау. Сонымен қатар Эразмус + («Жоғары білім әлеуетін көтеру», «Халықаралық кредитті мобилділік», «Жан Монета» ) іс-шараларында қатысу.

Пленарлық отырыста Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Ш.У. Тасболатова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетов, Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясының басшысы Свя-Олов Карлссон, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Б. Сыдықов, студенттер мен оқытушылар - бағдарламаның бенефициарлары сөз сөйледі. Көрме және ақпарат күндері 2018 жылдың 25-26 қазанында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтеді.