"Broadening the scope of QA - сапаны қамтамасыз ету шеңберін кеңейте отырып" 13-ші сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық форумы 2018 жылғы 15-17 қараша аралығында Вена қаласында Экономика және бизнес университетінің базасында өтеді.

Форум жұмысына НААР директоры Алина Жұмағұлова және сараптамалық кеңестің төрағасы Марина Скиба қатысады.

Форумның бірінші күні сапа кепілдігінің әдіснамасына арналған, сапа кепілдігін жүйе ретінде түсіну мүмкіндігін талқылайды және сапа кепілдігіне еуропалық көзқарасты бірыңғай түсінуді құруға арналған.

Екінші күн барысында сапаны қамтамасыз ету процестеріне барлық мүдделі тараптардың қатысуы және аккредиттеу органдарының әртүрлі тәсілдері талқыланады. Бұдан әрі сапа мәдениетін дамыту стратегиясы бойынша тренингтер мен талқылауларды қатар өткізу, сапаны бағалаудың үздік тәжірибесімен алмасу, оқыту технологияларының сапасы мен тиімділігі арасындағы өзара байланыс қарастырылды. Екінші күн барысында сапаны қамтамасыз ету мен даму стратегиясының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сапаны қамтамасыз етуді дамыту келешегі туралы, оның ішінде электрондық және қашықтықтан оқытуды аккредиттеу және инновациялар туралы мәселелер бірнеше рет көтеріледі.

Форумның үшінші күні жоғары білім беру ландшафтының өзгеруіне және білім беру мен оқытудың сапасын қамтамасыз ету үрдістері мен стратегиялары арасындағы өзара әрекеттесуіне арналды.

Форумға аккредиттеу органдары мен ЖОО өкілдері қатысады.