2013 жылдың 7-8 сәуір аралығында Тайбэй қаласында (Тайвань) «Сыртқы сапаны қамтамасыз етудің ықпалы. Сапаны қамтамасыз етудің соңғы он жылдығына көз жүгірту» атты жыл сайынғы APQN (Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі) халықаралық конференциясы өтті. Конференция барысында сапаны қамтамасыз етудің еуропалық жүйесінің жоғары оқу орындарындағы сапаға ықпалы, сапаны қамтамасыз ету саласындағы инновациялар, сапаны қамсыздандыру мен студенттердің ұтқырлығы, аймақтық және халықаралық аккредиттеу, ұлттық және жаһандық саралау, ішкі сапаны қамтамасыз ету мен сапаны қамтамасыз ету үдерісіне студенттердің қатысуы сияқты мәселелер қызу талқыға түсті. 

Аталмыш Конференцияда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) мүддесін Халықаралық жобалардың жетекшісі Қанапиянов Тимур Ерболатұлы қорғады. Қатарлас сессиялардың біреуінде Т.Е. Қанапиянов (Р.Г. Сейдахметова және М.А. Скибамен бірлесе жазған) «Білім беруді аккредиттеу – қазақстандық жағдай» атты баяндамасымен сөз сөйледі. 
Сонымен қатар, берілген конференция шеңберінде Жыл сайынғы APQN Бас отырысы болып өтті. Оған тек қана APQN мүшелері қатысты. Жыл сайынғы APQN Бас отырысында 2012 жылға арналған APQN жылдық есебі тыңдалды және оның келер жылға деген болашақ іс-шаралары талқыға түсті. 

Конференция материалдарымен толығырақ APQN-нің ресми сайтында танысуға болады.