2013 жылдың 7-8 қыркүйегінде Астана қаласында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұйымдастырған «Білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу үшін сарапшыларды даярлау»атты жаттықтыру семинар-тренингі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты Агенттіктің сарапшылар базасын жаңарту мен толықтыру болды. 

Семинар жұмысына қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), зертханалар мен зерттеу орталықтарының жетекші ғалымдары (Мемлекет тарихы институты, Сейсмология институты) шақырылды. 
Семинар барысында Болон процесінің негізгі ережелері мен тапсырмалары, еуропалық жоғары білім беру жүйесінің даму контекстінде Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту стратегиясы қарастырылды. Тыңдаушылар сапаны сыртқы бағалаудың рәсімдерімен және сарапшыларға Агенттік тарапынан қойылатын талаптармен таныстырылды. Сыртқы сараптау комиссиясының жоғары оқу орнына баруы кезінде оны бағалау бойынша есепті құрастыру мен рәсімдеу жөнінде және аккредиттеу стандартарына жоғары оқу орнының сәйкестігін талдау бойынша практикалық ұсыныстар берілді. 
Әр түрлі аккредиттеу түрлері кезіндегі бағалау ерекшеліктеріне, олардың ұқсас тұстары мен айрымашылықтарына айрықша назар аударылды.
Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сарапшының маманданымы туралы Куәлік салтанатты түрде тапсырылды. Бұл Куәлік сарапшыға АРТА Сыртқы сараптау комиссиясының жұмысына қатысуға мүмкіндік береді және бес жылға дейін жарамды.